Филиппинде тек вакцинацияланған қызметкерлер ғана жұмысқа баруға міндеттелді
3 Желтоқсан 2021, 08:41 279

Филиппинде тек вакцинацияланған қызметкерлер ғана жұмысқа баруға міндеттелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Филиппинде билік тек вакцинацияланған кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа жіберуге міндеттелді. Вакцинация жасауға үлгермеген жағдайда өз қаражаты есебінен үнемі ПТР тесттерін тапсыруы керек.

Австралияда COVID-19 тестінен бас тартқаны үшін және карантинді бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылды. Сондай-ақ, шетелден келген азаматтар үшін ережелер қатаңдатылды: Австралия аумағына келгеннен кейін олар 72 сағатқа оқшауланып, бірінші және алтыншы күндері COVID-19 тестін тапсыруы тиіс.

ЕО халықтың барлық топтары үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізуді ұсынады. Бұл шараны Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц қолдады және осы мәселе бойынша парламенттік дауыс беруге шақырды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...