Филиппинде шіркеуде жарылыс болып, 19 адам қаза тапты

27 Қаңтар 2019, 13:42
2274
Бөлісу:
Филиппинде шіркеуде жарылыс болып, 19 адам қаза тапты

Астана, BAQ.KZ. Филиппиннің Сулу провинциясындағы католиктік шіркеудің бірінде жарылыс болып, 19 адам қаза тапты. Бұл туралы segodnya.ua сайты хабарлайды.

Жарылыс салдарынан 48 тұрғын жарақат алды. Шіркеудің жанында қолдан жасалған бомба іске қосылған. Әзірге лаңкестік әрекетті кімдер жүзеге асырғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп, лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар – шіркеушілер.

 

Өзгелердің жаңалығы