Филиппинде 200 мыңға жуық адам денге безгегін жұқтырған

20 Тамыз 2019, 18:23
1412
Бөлісу:
Филиппинде 200 мыңға жуық адам денге безгегін жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде 188 мың адам денге безгегін жұқтырған. Ауру салдарынан 807 адам қаза болған.

Тамыз айының басында Филиппинде індет жұқтырғандар саны жылдам өскендіктен ұлттық эпидемия жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылғы көрсеткіштер былтырғы жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 98 пайызға көп, деп хабарлайды Philippine Star.

Сол себептен шетелдік туристерге тропикалық вирустық инфекциялармен күресу үшін қажетті дәрі-дәрмек алып, аса абай болуға кеңес беріледі.

Әдетте денге безгегімен балалар, орта және егде жастағы адамдар жиі ауырады. Дегенмен көбінесе 20-40 жас аралығындағы ересектер көз жұмады.

Өзгелердің жаңалығы