Филиппин жағалауында жүк кемесі отқа оранды

12 Маусым 2021, 21:48
1418
Бөлісу:
Филиппин жағалауында жүк кемесі отқа оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппин жағалауында жүк кемесі өртеніп, салдарынан төрт экипаж мүшесі зардап шегіп, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті. 

Бұл туралы бүгін Филиппин жағалау күзеті Facebook парақшасында жазды. 

Мәлім болғандай, өрт айлаққа байлаулы тұрған кемеге жанармай толтыру кезінде болған.

Сонымен қатар көрші кеменің екі экипаж мүшесі жарақат алған. Өрт салдарынан жақын маңдағы 40-қа жуық үй зардап шеккен, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауда. 

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасып жатыр.



Өзгелердің жаңалығы