Фейк: Whatsapp-тағы барлық хабарламалар мен қоңыраулар жазылады
10 Қаңтар, 12:29 459

Фейк: Whatsapp-тағы барлық хабарламалар мен қоңыраулар жазылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде «коммуникацияның жаңа ережелері» туралы ақпарат таратылуда. Бұл фейк.

stopfake.kz-тің хабарлауынша, ҚР ҰҚК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Арыстан ҰҚК: Ертеңнен бастап жаңа қарым-қатынас ережелері пайда болады. Барлық қоңырау жазылады. Барлық телефон қоңырауы жазылады. Whatsapp-тағы барлық хабарламалар мен қоңыраулар жазылады. Twitter мониторингі, Facebook мониторингі. Барлық әлеуметтік желілер мен форумдарды бақылау басталады. Білмейтіндерге хабарлаңыздар! Барлық құрылғылар ведомстволық телефон тыңдау жүйелеріне және мемлекеттік және үкіметтік CDMX жүйесіне қосылған. Заңдар мен моральға қайшы қажетсіз хабарламалар мен ақпаратты жіберуден сақ болыңыздар! Достарыңыз, отбасыңызбен құпия ақпаратты бөлісуден аулақ болыңыз. Балаларыңызға айтыңыз және өте сақ болыңыз! Бұл хабарды бүгін ғана жеткізу маңызды! Өйткені ертеңнен бастап елде бақылаудың тағы бір түрі пайда болады. Осы хабарламаны отбасыңызға және достарыңызға бүгін жіберіңіз. Сіз жазған немесе айтқан кез келген нәрсе сізге қарсы қолданылуы мүмкін, тіпті кез келген әзіл! – деп әлеуметтік желілерде қолданушылар хабарлама таратып жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...