Фермер күзеннен коронавирус жұқтырып алды

20 Мамыр 2020, 10:56
1109
Бөлісу:
Фермер күзеннен коронавирус жұқтырып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Нидерландта вирустың аңдардан адамға таралу қаупі жоқ екені хабарланған еді.

Нидерландтың Солтүстік Брабант атты елді мекенінде коронавирус инфекциясының жаңа түрінің күзеннен адамға жұғу фактісі тіркелді. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрі Карол Скоутеннің парламентке жолдаған хатына сілтеме жасап, Reuters хабарлайды.

Сәуір айында Нидерландтың ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Брабант провинциясында екі аң фермасында коронавирус күзендерде бары расталғанын хабарлаған болатын. Сол кезде билік фермаларға сақтық шаралары ретінде қолжетімділікті шектеді, бірақ "вирустың аңдардан адамға таралу қаупі жоқ" деп мәлімдеген еді.

Алайда, министр хатында бұрын ведомство жасаған вирустың жануарлардан адамға жұғу мүмкін емес деген мәлімдемесінің қате екенін мойындады. Ол вирустың жануарлардан адамға жұғу қаупі әлі де төмен бағаланатынын атап өтті.

Ферма қызметкерінің қазіргі жағдайы минист хатында нақтыланбаған.

Өзгелердің жаңалығы