Бас жаңалықтар
Федерация кубогы: Қазақстан құрамасы Тайландты жеңді
07 Ақпан 2019, 09:58 699

Федерация кубогы: Қазақстан құрамасы Тайландты жеңді

Астана, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер командасы Федерация кубогы аясындағы алғашқы матчта Тайланд құрамасынан басып түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 


Жекелей сында Зарина Дияс пен Юлия Путинцева қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді. Ал жұптық сында Галина Воскобоева мен Анна Далинина жұбы Пинтар Плипуэч пен Варунья Вонтенчайдан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Ендігі матчта спортшылар 8 ақпан күні Үндістанға қарсы ойнайды. 

Айта кетелік, А тобының (Қазақстан, Үндістан, Тайланд) жеңімпазы В тобының (Қытай, Корея, Индонезия және Океания) үздігімен ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасына таласатын болады.

Сізден жаңалық