Федерация кубогы: Ағылшындар Қазақстан теннисшілерінен қаймығады

20 Сәуір 2019, 12:13
2108
Бөлісу:
Федерация кубогы: Ағылшындар Қазақстан теннисшілерінен қаймығады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара кездеседі. Осы ойынның алдында Ұлыбритания құрамасының капитаны Энн Кеотавонг тілшілермен кездесті. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

«Бұл өте маңызды матч, оның үстіне өз жерімізде ойнаймыз. Бірақ аса қиын кездесу күтіп тұр. Біз Қазақстанның үзік ойыншыларын жақсы білеміз. Енді алдағы матчта қарымды қарсылық көрсетеміз деп үміттенеміз. Үшінші жыл қатарынан осы кезеңге жетіп отырмыз.Теннисшілеріміздің тәжірибесі жеткілікті. Бұған дейін де өз жерімізде ойнап көргенбіз. Қарсыласты жеткілікті түрде білеміз деп айта аламын. Енді қажетті нәтижеге жету үшін аянып қалмаймыp», - дейді ол.

Энн Кеотавонг ойыншы ретінде карьерасын 2013 жылы аяқтаған. Оның үздік көрсеткіші WTA рейтингінде 48-орынға көтерілуі (2009). US Open-2008 турнирінде британдық теннисші үшінші раундқа дейін жеткен. Тілшілермен кездесуде Энн Кеотавонг әлемдік тур кезінде бірнеше рет Қазақстан теннисшілерімен кездескенін айтып өтті.

«Бұл бұрын болған жағдай, бірақ есімде. Зарина Дияс бізбен бірге жаттыққан, Юлия Путинцевамен біздің теннисшілер WTA турнирі аясындағы додаларда 2010 жылы кездескенмін. Дегенмен, ол кезде Нантта ұтылғанмын. Содан бері оның карьерасына назар аударып келемін. Юлия стилі ерекше жан-жақты мықты теннисші. Путинцеваға жоғары нәтижеге жетуіне мінезі де көп көмектеседі. Мен оның Майами турниріндегі ойынын көрдім. Каролина Плишковамен кездесуі ерекше ұнады. Өкінішке қарай, Юлия қарсыласына жол берді. Соған қарамастан оның ойыны көңілден шықты», - дейді Энн Кеотавонг.

Айта кетейік, 20 сәуірден бастап отандастарымыз Ұлыбритания құрамасымен Әлемдік топтың екінші раундына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Қазақстан құрамасының намысын Юлия Путинцева, Анна Данилина, Зарина Диас, Галина Воскобоевалар қорғайды. Ал Ұлыбритания құрамасының сапында Йоханна Конта, Кэти Бултер, Хезер Уотсон, Хэрриет Дарт және Кэти Суон сынды теннисшілер бар.

Өзгелердің жаңалығы