Федерация кубогы. Жамбы атудан екі стильдің жеңімпаздары анықталды

4 Қазан 2021, 14:39
9482
Бөлісу:
Федерация кубогы. Жамбы атудан екі стильдің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Жамбы ату және Теңге ілу федерациясының кубогы өтіп жатыр.

Елорда төрінде алғаш рет ұйымдастырған сайысқа екі федерацияның де ең таңдаулы спортшылары қатысты.

Соңғы кездері еліміздің атын шет елдерде танытып, Қазақстан қоржынына олжа салып жүрген Жамбы ату спорты кешірек қолға алынса да, біраз нәтиже көрсетті. Оған соңғы қыркүйек айында Иранда өткен Әлем чемипионаты дәлел. Ел намысын қорғаған Ералхан айкөз осы чемпионатта бір алтын, екі күмісті қанжығалап қайтқан болатын.

Ал үш күнге жалғасатын федерация кубогында еліміздің барлық өңірінен 24 спортшы өзара сұрмергенді анықтап жатыр. 

Алғашқы екі күнде «корей стилі» мен «түркі стилінде» бақ сынаған мергендер, соңғы сынақта «қазақ стилінен» өз шеберліктерін сарапқа салуы керек. 

Айта кетерлігі федерация кубогы барысында жас ерекшелігі мен ер, әйел деп бөлінбей, қолына садақ ұстаған үміткердің барлығы бір талаппен ойын көрсетіп жатыр.

Сонымен бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, «корей стилінде» алғашқы үштікке төмендегі спортшылар ілінді.

3-орын: Абзал Тулыбеков – 62,41 ұпай (Жамбыл облысы)

2-орын: Ералхан Айкөз – 64,02 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 65,52 ұпай (Жамбыл облысы)

Ал «түркі стилі» бойынша жеңімпаз болғандар:

3-орын: Ералхан Айкөз – 61,18 ұпай (Түркістан облысы)

2-орын: Айтбек Сарыбай – 62,23 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 70,85 ұпай(Жамбыл облысы)

Мергендер енді «қазақ стилінен» өзара мықтыны анықтайды. Әзірге екі стильде де Бақдәулет Бабажан қара үзіп алдыда келеді.



Өзгелердің жаңалығы