Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

6 Қазан 2021, 21:11
4128
Бөлісу:
Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорда төрінде екі күнге жалғасқан Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы аяқталды.

Бүгін қос сайыста қара үзіп дара шыққан спортшыларға темір тұлпардың кілттері табыс етілді.

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

Сонымен бұған дейін хабарлағанымыздай Жамбы ату спортының үздіктерімен тағы бір таныс болыңыздар.

Корей стилі

3-орын: Абзал Тулыбеков – 62,41 ұпай (Жамбыл облысы)

2-орын: Ералхан Айкөз – 64,02 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 65,52 ұпай (Жамбыл облысы)

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды
Түркі стилі

3-орын: Ералхан Айкөз – 61,18 ұпай (Түркістан облысы)

2-орын: Айтбек Сарыбай – 62,23 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 70,85 ұпай (Жамбыл облысы).

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды
Қазақ стилі

3-орын: Диас Ахметов – 25,9 ұпай (Нұр-Сұлтан)

2-орын: Ералхан Айкөз – 34,88 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Айтбек Сарыбай – 62,23 ұпай (Түркістан облысы).

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

Жамбы ату федерациясы Кубогі жеңімпаздары (жалпы есеп)

3-орын: Бақдәулет Бабажан – 136,37 ұпай (Жамбыл облысы)

2-орын: Ералхан Айкөз – 160,08 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Айтбек Сарыбай – 161,35 ұпай (Түркістан облысы)

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

Ал Теңге ілуде топ жарған жүлдегерлер төмендегідей:

3-орын: Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы) 3 теңге, уақыты 13,15 секунд.

2-орын: Серіков Бекнұр (БҚО) 3 теңге, уақыты 12,79 секунд.

1-орын: Қомбаров Рахат (Түркістан облысы) 4 теңге, уақыты 14,30 секунд.

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

Екі сайыста да үшінші орынға – 500 мың теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, бірінші орынға – автокөлік және федерация кубогы табыс етілді.

Федерация кубогы. Үздіктерге автокөлік сыйланды

Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған кобоктың жалпы жүлде қоыр – 11 миллион теңге. Жамбы ату спортының жүлде қорын федерация басшысы Нұрлан Әметов өз қаржысынан шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Ұлы дала рухы» республикалық дәстүрлі жастар фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі де өткен болатын. Онда  көкпар мен жамбы атудың және аударыспақ пен теңге ілудің үздіктері жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы