Бас жаңалықтар
Федерация кубогы. Теңге ілуден жеңімпаз анықталды
04 Қазан 2021, 17:54 11249

Федерация кубогы. Теңге ілуден жеңімпаз анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық спорт қауымдастығы Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогын өткізді.

3 күнге жалғасқан қос сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. 

Бұған дейін Жамбы ату спорты бойынша кім жеңімпаз болғанын хабарлаған едік. Ал енді Теңге ілу федерациясының кубогы кімге бұйырғанына көз жіберейік.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік 11 спортшы ең епті Теңге ілушіні анықтауда тартысты өнер көрсетті. 

Жамбы ату спорты бойынша да Түркістан облысының мергендері шеберліктерін танытып, алғашқы екі орынды иеленген еді. Теңге ілуде де түркістандықтар шеберліктерін таныта білді.

Сонымен Теңге ілу федерациясы Кубогының жеңімпаздары:

3-орын: Ғалымжан Ізжанов (Түркістан облысы) 3 теңге ілді, уақыты – 13,15 секунд.

2-орын: Бекнұр Серіков (БҚО) 3 теңге ілді, уақыты – 12,79 секунд.

1-орын: РахатҚомбаров (Түркістан облысы) 4 теңге ілді, уақыты – 14,30 секунд.


Фото: дереккөз
Загрузка...