Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

13 Қараша 2019, 10:28
2804
Бөлісу:
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрағанын хабарлаған болатынбыз. 

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Facebook-тегі парақшасында вице-министр Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы