Фараби-1150: "Қайырымды қала" идеясы аса өзекті – Сағынтаев

29 Қаңтар 2020, 17:31
3294
Бөлісу:
Фараби-1150: "Қайырымды қала" идеясы аса өзекті – Сағынтаев
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби – ғасырлар қойнауынан тұтастай адамзат баласына үн қатқан биік парасат пен кемел ақылдың иесі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу салтанатының ашылуында айтты.

Әкімнің айтуынша, әл-Фарабидің айтқан ойлары бүгінгі таңда да әлемдік ғылымда өзекті және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде аса маңызды болып отыр.

Ғұламаның "Даналық жауһарлары", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Бақытқа жету", «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты еңбектері мыңдаған жыл өтсе де әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Солардың ішінен, мен бүгінгі таңдағы қала өмірі үшін ойшылдың "Қайырымды қала" туралы идеялары аса өзекті деп санаймын. Дамыған «қайырымды қала идеалы" – әдептілік, әділет және қала тұрғындарының ортақ игіліктерге жету жолына негізделген. Мінсіз қайырымды қала болу үшін қала тұрғындары өзара бір-бірін шынайы қолдап, жетістіктерге бірге қол жеткізуді мақсат тұтады,-деді қала әкімі. 

6.jpg

Сонымен қатар ол ұлы ойшыл адамзат баласының әу бастан армандаған мәңгілік мәселелерінің бірі – үйлесімге, бақытқа жету екендігін ұқтырды деген ойын білдірді.

Әл-Фараби ең алдымен ел басшыларының өзі биік мұраттарға қызмет етіп, көпке үлгі болуы тиіс екендігін ерекше дәріптейді. Әл-Фараби айтып кеткен ізгі армандарды жүзеге асыру, сол межеге ұмтылу  – дүниежүзіндегі барлық қауымдардың түпкі мақсаты,-деді Б. Сағынтаев
Өзгелердің жаңалығы