Қарағандыда COVID-19 жайлы жалған ақпарат тарату тыйылмай тұр

5 Сәуір 2020, 09:49
1531
Бөлісу:
Қарағандыда COVID-19 жайлы жалған ақпарат тарату тыйылмай тұр

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырушылар турады жалған ақпарат таратып, халықтың дүрлігуіне себепкер болушылар азаймай тұр. Қарағандығың құқық қорғау қызметкерлері фейк хабар таратқан 40 жастағы әйелді анықтады.

4 сәуір күні WhatsApp желісінде Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырғандығы жайлы аудозапись таралған. Желіде мониторинг жүргізген полицейлер аудионы таратқан әйел адамды анықтады. Күдікті 40 жаста. Ол аталған қылмысты жасағанын мойындады.

Бұқар-Жырау ауданы әкімінің коронавирус жұқтырғандығы жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бабы, 1 тармағына сай жүргізіледі,- дейді полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков.

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері Қарағанды облысының аумағында жалған ақпарат тарату тыйылмай тұр. Фейк жаңалық таратқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы жайлы ескертулерге қарамастан, кейбір тұрғындар заңды бұзып, жалған ақпарат таратуда.

Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындардан әлеуметтік желіде таралатын қауесетке сенбеуге шақырады. Тек мемлекеттік органдардың ресми мәлімдемелеріне жүгіну қажет. Полицейлер осындай жалған ақпарат таратушыларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы