Facebook жіберілген хабарламаны өшіруге рұқсат берді

6 Ақпан 2019, 10:44
2274
Бөлісу:
Facebook жіберілген хабарламаны өшіруге рұқсат берді

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық Facebook компаниясы өз мессенджерінде жіберілген хабарламаны өшіріп тастауға болатын жаңа қызметті іске қосты. 


Жаңа қызмет Facebook Messenger-нің iOS пен Android-қа арналған жаңа нұсқасында пайда болмақ.

Енді қолданушы қандайда бір хабарламаны өзге адамға жіберіп қойса немесе қатемен жіберсе оны 10 минут ішінде өшіре алады. Ол үшін экранды екі рет басу керек, ары қарай мәзірдегі бірнеше нұсқадан қажеттісін таңдайсыз.

Компания бұл қызметті іске қосу жұмыстарын бір жыл бұрын бастап кеткендіктерін мәлімдеді.

Бұған дейін чаттағы хабарламаларды тек Facebook басшысы Марк Цукерберг ғана өшіре алатын. Қолданушылар оның «ерекше» өкілеттілігін жазылған хабарламалардың уақыт өте келе жоғалып кетіп отырғанынан байқаған. Кейін компания жаңа қызметті барлық қолданушы үшін іске қосуды қолға алған болатын және ол толықтай жүзеге асқанға дейін Цукербергті ерекше мүмкіндігінен айырған.
Өзгелердің жаңалығы