Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті

2 Мамыр 2019, 20:00
2957
Бөлісу:
Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Face of Shymkent» сұлулық байқауы өтті. Байқауда 200-ден астам арудың арасынан іріктеліп шыққан 16 қатысушы Шымкенттің келбеті атану үшін бақ сынады.

 «Face of Shymkent» байқауының өзге байқаулардан айырмашылығы, мұнда қатысушылардың өнеріне басымдық берілді. Яғни, қыздардың шығармашылық қабілеттері, ұлттық салт-дәстүрді жетік меңгеруі мен біліміне ерекше назар аударылды. Байқауға қатысушылардың жасы 16 мен 25 жас аралығында. Іріктеуге 200-ден астам қыз қатысып оның ішінен сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімі мен өнері арқылы көзге түскен қыздар байқауға қатысуға жолдама алды. Сайыс барысында қатысушылар 4 кезең бойынша өзара сынға түсті.

Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті

I. Таныстыру бөлімі (біріңғай киім үлгісінде);
II. Зияткерлік сайыс (қатысушыларға еліміздің тарихы, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып тақырыптарындағы сұрақтар);
III. Шығармашылық сайыс ( ән, би, актерлық шеберліктерін көрсету);
IV. Дефиле (отандық дизайнер Асель Абдикулованың топтамасын ұсыну );

Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті

Айта кетейік, 16 қатысушының ішінен дараланған жеңімпазды анықтауда білікті мамандар әділ қазылық жасады. Олардың қатарында: Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, «Оңтүстік аруы-1989» сұлулық байқауының алғашқы тәжі иегері - Ардақ Умирбаева, «Makeup Shymkent» сұлулық салонының негізін қалаушы және директоры - Аида Абдраимова, «Sulu Models» модельдік агенттігінің директоры - Абильдаева Ақжамал, дизайнер - Кобеев Ғани және Орталық Азия аймағындағы Asia Model Festival-нің ресми өкілі, Face of Central Asia байқауының бас ұйымдастырушы - Хара Кан қазылық жасады.
Орталық Азия аймағындағы Asia Model Festival-нің ресми өкілі - Хара Канның айтуынша, «аймақтық, қала, облыс деңгейіндегі ұйымдастырылытан сұлулық байқауларының маңызы зор. Себебі, халық ішінен өнерлі бойжеткендерді іріктеп, халықаралық деңгейде еліміздің абыройын асқақтататын арулар осындай байқауларда шыңдалады»,- дейді.

Шымкентте «Face of Shymkent» байқауы өтті

Қатысушылар арасынан үздік танылған «Face of Shymkent» байқауының жеңімпазына – 500 мың теңге қаржылай жүлде қоры табысталды. Сондай-ақ, бас жүлде иегеріне халықаралық «Asia Model Fectival» байқауына жолдама берілді. 15 жылдық тарихы бар аталған фестиваль жыл сайын Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сән әлемінің майталмандарының қатысуымен өткізілетін бұл фестивальда «Face of Shymkent» байқауының жеңімпазы ел намысын қорғайды.

Сұлулық байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасының төрағасы - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай бас жүлде иегеріне сұлулық тәжін кигізіп, қаржылай жүлде қорын табыстады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Өзгелердің жаңалығы