«Эйр Астана» жаңа жолаушылар ұшағын сатып алды

12 Наурыз 2019, 09:53
2063
Бөлісу:
«Эйр Астана» жаңа жолаушылар ұшағын сатып алды

Астана, BAQ.KZ. Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан екінші. Қалған әуе кемелері осы жылдың соңына дейін келеді. Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент хабарлады.

"Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал  ұшудың максималды қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға алысырақ. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, үнемділігімен, зиянды заттардың аз шығарылымымен және шуыл деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді " - делінген хабарламада.

Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.

 Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 31 наурызда Алматы-Орал-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.

 Алғашқы Embraer 190-E2 ұшағы 2018 жылдың желтоқсанында келген, оның тұмсығына қар барысы бейнеленген. Жаңа әуелайнерлер 2011 жылдан бері пайдаланылып келген Embraer 190 бұрыңғы үлгілерін ауыстыруға арналған.

Өзгелердің жаңалығы