Eurovision-2022 қай қалада өтетіні белгілі болды

9 Қазан 2021, 18:03
2634
Бөлісу:
Eurovision-2022 қай қалада өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Eurovision-2022 ән байқауы Италияның Турин қаласында өтеді. 

Бұл туралы ақпарат байқаудың ресми сайтында eurovision.tv жарияланды.

Еуропалық хабар тарату орталығы (EBU) Италияның 16 қаласының ішінде Турин жеңіске жеткенін жариялады. Сонымен қатар жартылай финал 2022 жылдың 10-12 мамыр аралығында өтеді. Ал финал 14 мамырға жоспарланған.

Турин - Евровидение байқауын өткізуге таптырмас қала. «ПалаОлимпико» аренасы халықаралық осындай жоғары деңгейдегі байқаудың барлық талабына сай келеді, - дейді конкурстың атқарушы директоры Мартин Остердаль.
Өзгелердің жаңалығы