Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Қазақстанға келеді

14 Тамыз 2019, 17:37
1361
Бөлісу:
Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Қазақстанға келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 15-16 тамызда Қазақстанға Еуропалық Одақтың арнайы өкілі келетінін айтты.

«16-20 тамыз аралығында Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының «Өзгерістерге ұмтылыс: сандық трансформацияның негізі» атты Азиялық конференциясы өтеді. Конференцияны өткізу құқығы үшін Сингапур, Жапония, Қытай және Үндістанның жетекші ЖОО-лары күресті. Биыл бұл мүмкіндік Назарбаев университетінің студенттеріне берілді. Халықаралық деңгейдегі осындай жоғары іс-шара Қазақстанда Жастар жылы аясында өтуде», - деп айтты Смадияров.

Ол аталған алаңда әлеуметтік саясат және өзекті даму, әлемдік экономика қауіпсіздік және дипломатия, бизнес және технологиялар, қоршаған орта және энергетика, мәдениет және т.б мәселелер талқыланатынын айта кетті. 

ІІМ ресми өкілінің сөзінше, Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасы Азиялық конференциясына қатысу үшін 15-16 тамызда Еуропалық Одақтың арнайы өкілі Қазақстанға келеді. Сапар шеңберінде Петер Бюреннің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған. 

Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын, атап айтқанда ЕуроОдақтың Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберіндегі өзара іс-қимыл және оны іс жүзінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Орталық Азия бойынша Еуропалық одақ жаңа стратегиясы 2019 жылғы 17 маусымда қабылданып, биыл 7 шілдеде Бішкек қаласында министрлік конференциясы кезінде Орталық Азия мемлекеттеріне таныстырылған.

Өзгелердің жаңалығы