Бас жаңалықтар
Еуропалық вакцинаны неге алмаймыз?  Бекшин жауабы
27 Қаңтар 2021, 17:34 434

Еуропалық вакцинаны неге алмаймыз? Бекшин жауабы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында «неліктен еуропалық вакцинаны алмаймыз» деген сұраққа жауап берді.

Қазақстанға коронавирусқа қарсы дайындалған Ресейдің алғашқы вакцинасы келеді. Бұл вакцина өз зерттеуінен өтті және бізде тіркеуден өткен. Екіншісі өзімізде әзірленген ұлттық вакцина. Осы жылдың алғашқы жарты жылдығында осы вакциналарды пайдаланамыз. Еуропада әзірленген Pfizer, zeneka сияқты вакцинаға тапшылық жоғары. Оны Еуропаның өзі ала алмай жатыр. Оны өндірушілер алдымен үлкен тапсырыс берушілерге мән береді. Қазақстан оларға үлкен мөлшерде бермейді, сондықтан біз алғымыз келсе де ала алмаймыз. Тек Ресей өндірушілері спутник-v вакцинасын беріп жатыр, оның да мөлшері аз, - деді Ж. Бекшин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...