Еуропа карантиндік шектеулерді жеңілдетуде

29 Қараша 2020, 19:40
1206
Бөлісу:
Еуропа карантиндік шектеулерді жеңілдетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда 29 қарашадан бастап Ломбардия, Пьемонт және Калабрия аймақтары қызыл аймақтан сары аймаққа ауысты.

Өңір тұрғындары қайтадан 5.00-ден 22.00-ге дейін еркін жүре алады. Сонымен қатар, жұмысқа бару, дәрігерге көріну немесе балаларын мектепке апару үшін аймақ ішінде жүріп тұруға рұқсат етіледі.

Ирландияда жалпы гигиена және әлеуметтік арақашықтық ережелерінің сақтау шартымен дүкендер, мұражайлар, көркемөнер галереялары мен кітапханалардың 1 желтоқсаннан бастап ашылуына рұқсат етілді. Ал 4 желтоқсаннан бастап тек сусындар ғана емес, сонымен қатар тамақ ұсынатын мейрамханалар мен барлар қайтадан жұмыс істей бастайды.

Бельгия Премьер-министрі Александр де Кроо Рождество мерекесі кезеңінде дүкендер ашылатынын айтты. Бірақ, мемлекетте ішінара локдаун режимі сақталады.

Германия 23 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында карантиндік шаралардың жеңілдетілетінін хабарлады. Германия канцлері Ангела Меркельдің федералды аймақтар басшыларымен кездесуінде, аталған мерзім арасында жиындар 10 ересек адамға дейін қатысуына рұқсат етілуі туралы шешім қабылданды.


Өзгелердің жаңалығы