Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

10 Шілде 2019, 16:55
2305
Бөлісу:
Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов өзінің еуропалық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Албания, Андорра, Мажарстан, Испания, Люксембург, Нидерланд, Ресей, Румыния, Хорватия және т.б. елдердің сыртқы істер министрлерімен келіссөздер барысында екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы қаралып, сондай-ақ дипломатиялық дәстүр бойынша халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттар теңестірілді».

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Албандық әріптесі - Министр Жент Чакай (Gent Cakaj) ЕҚЫҰ-ның болашақ төрағасы ретінде ұйым шеңберіндегі қазақстандық бастамаларды келесі жылы одан әрі ілгерілету мәселелері талқыланды.

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Хорватия Сыртқы істер министрі Мария Пейчинович-Бурич (Marija Pejčinović Burić) Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, көпжақты және екіжақты форматтағы өзара іс-қимыл жоспарлары белгіленді.

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Ресей әріптесі Сергей Лавровпен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастық бойынша алдағы іс-шаралар талқыланды.

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Нидерланд Сыртқы істер министрі Стеф Блок (Stef Blok) биылғы жылы жоспарланып отырған ҚР Премьер-Министрінің осы елге сапары туралы хабардар етілді, мазмұнды элементтер, шарттық-құқықтық базаны нығайту жөнінде пікір алмасты.

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Испания Сыртқы істер министрі Жозеп Боррелді (Josep Borrell) Еурокомиссияның Вице-президенті - Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі лауазымына ұсынумен құттықтады. Инвестициялық мүмкіндіктер мен перспективалы жобалар талқыланды.

Еуропалық дипломаттар Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Мажарстан Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен (Péter Szijjártó) Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясындағы бірлескен жұмысты және Будапештте бұл халықаралық құрылым кеңсесінің жақын арада ашылу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында еуропалық министрлер Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, ауыл шаруашылығы, машина жасау, жасыл энергетика, цифрлық экономика және т.б. салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Еуропалық озық технологияларды тартуға мүдделілік белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы