Еуропа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

9 Қараша 2021, 20:51
800
Бөлісу:
Еуропа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта EBU тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы италиялық боксшы Маттео Синьяни (31-5-3, 11 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері - қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екен деп хабарлайды Vesti.kz. 

5 қараша күні Рим (Италия) қаласында Синьяни белбеуін сәтті қорғады. Ол испаниялық Рубен Диасқа қарсы кездесу өткізіп, ұпаймен жеңіске жетті.  

Бірнеше күн бұрын Синьяни орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтты. Егер Авни Йылдырым «Канело» Альваресқа қарсы жекпе-жекке қол жеткізсе, италиялық та Головкинмен кездесуі әбден мүмкін, - деп жазады WorldBoxingNews.net порталы.  

Еске салайық, Головкиннің келесі кездесуі белгіленіп қойылған. Отандасымыз желтоқсан айында Жапонияда WBA ұйымының «суперчемпионы» Риото Муратамен кездеседі. 


Өзгелердің жаңалығы