Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

9 Маусым 2019, 15:18
1995
Бөлісу:
Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Фото: автордан

Вроцлав, BAQ.KZ тілшісі. Польшаның Вроцлав қаласында Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты аяқталды. 

Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Айтулы додаға Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді кәрі құрлықтың 24 елінен 120 жуық спортшы қатысты.

Жарыстың алғашқы күні жабық алаңда 8 салмақ бойынша іріктеу сыны мен жартылай финалдық белдесулер өтті. Ал соңғы күні әр салмақ бойынша чемпиондар анықталып, абсолют салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынды.

Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Финалдық белдесулер Вроцлавтың орталығында, Бостандық алаңында өтті. Қазақтың ұлттық спортын тамашалауға жиналғандар саны көп болды.

Чемпионаттың ашылуында сөз сөйлеген Еуропа Kures федерациясының президенті Карен Арутунян ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 «Польшаның күрес федерациясына алғыс айтамын. Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына ұлттық спортты дамытуға үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Күн өткен сайын Еуропа халқы күреспен жақын танысып жатыр. Спортшылар да жарыстарға көптеп қатысады. Польшаға қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын. Спортшыларға сәттілік тілеймін», - деп айтты Еуропа Kures федерациясының президенті Карен Арутунян чемпионаттың ашылуында. 

Грузин балуаны Гиоргий Закариадзе чемпионаттың түйе палуаны атанды. Ол 12 жыл дзюдомен айналысқан. Қазақ күресінен 2 жылдан бері Грузия чемпионатына қатысады. 

«Екінші рет ұйымдастырылған Еуропа чемпионаты өте жақсы өтті. Мықты қарсыластар болды. Финал жолдамасына таласта ресейлік,  финалдағы әзербайжандық балуанды ереше атап өткім келеді. Сонда да белімді бекем буып, өзімді қолға алып чемпион атандым. 12 жыл дзюдомен айналысқан», - деп жеңімпаз әсерімен бөлісті.

Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Айта кетсек, халықаралық жарысты Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев басқаратын Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұйымдастырды. 

Финалдық белдесулер QazSport телеарнасынан және Польшаның тікелей эфирден көрсетілді. Сондай-ақ, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының YouTube желісіндегі ресми арнасында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында онлайн трансляция таратылды. 

Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Еуропа чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
55 кг:
1. Гаспар Хайрапетян (Армения);
2. Йосеб Церцвадзе (Грузия);
3. Рустам Заболтни (Ресей).

60 кг:
1. Иракли Купатадзе (Грузия)
2. Вааг Овсепян (Армения)
3. Павел Хладких (Беларусь) және Диба Михал (Польша).

66 кг:
1. Торнике Наглиашвили (Грузия);
2. Денислав Дмитров (Болгария);
3. Петр Жуков (Ресей) және Нэтанел Журвел (Израиль).

74 кг:
1. Роберт Габриелян (Армения) 
2. Элгуя Барбакадзе (Грузия);
3. Арман Комойн Мартиросян (Болгария) және Василез Корозидис (Грекия).

 82 кг:
1. Арам Григорян (Ресей);
2. Альяз Гостенсник (Словения);
3. Гиорги Катсиашвили (Грузия) және Ваагн Чалян (Армения).

90 кг:
1. Юрий Шикалов (Ресей)
2. Олександр Макуха (Украина);
3. Серги Салас (Испания) және Елхан Раджабли (Әзербайжан).

100 кг:
1. Игор Дзиерзановски (Польша)
2. Торнике Джугели (Грузия)
3. Милоз Пекала (Польша) және Евгений Серсион (Молдова)

+100 кг 
1. Игнас Мекэйджус (Литва)
2. Дэвид Фернандез (Литва)
3. Веселин Мирославов (Болгария) және Георги Закариядхи (Грузия)

Абсолют салмақ:
1. Гиоргий Закариадзе (Грузия)
2. Ельхан Раджабли (Әзербайжан)
3. Олександр Чайковский (Украина)

Польшадағы Вроцлав қаласының тарихи символы гном – Еуропа чемпионатының бойтұмарына айналды. 

Qazaq kuresi. Еуропа чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Еске сала кетсек, Еуропа чемпионаты алғаш рет былтыр Грузияның Батуми қаласында өткен болатын. Жыл өткен сайын чемпионатқа қатысушы елдер саны артып келеді. Бүгінде Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұлттық федерацияларды біріктіруші, Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде турнир өткізе алатын жалғыз федерация болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы