Еуропа чемпионатында Бельгия Ресейді тас-талқан етті

13 Маусым 2021, 09:27
2576
Бөлісу:
Еуропа чемпионатында Бельгия Ресейді тас-талқан етті

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде Ресей мен Бельгия құрамалары кездесті. Матч Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Ойын барысында қос құрама бір-біріне алма-кезек шабуылдады. 

Бельгиялық құрама сапынан Ромелу Лукаку 10-минутта есеп ашса, 34-минутта Тома Мёнье есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде ресейлік футболшылар алға қарай ұмтылды. Оған бельгиялықтар өз деңгейінде қарсылық көрсетті. Кейбір сәттерде олар да басымдығын арттырды. 

Десес де Ромело Лукаку 88-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды. 

Осылайша, Бельгия қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.


фото: РФС 






Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/278225-europa-chempionaty-belgiya-reseydi-dgenhdi
© egemen.kz

Өзгелердің жаңалығы