Бас жаңалықтар
Еуропа чемпионаты: Италия Түркияны жеңді
12 Маусым 2021, 11:53 591

Еуропа чемпионаты: Италия Түркияны жеңді

Алматы, BAQ.KZ. Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Италия құрамасы Түркияны 3:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойындағы алғашқы голды түркиялық қорғаушы Демирал өз қақпасына соғып алды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Еуропа чемпионаты тарихында турнирдегі бірінші гол ешқашан автогол болмаған. Демек, түрік қорғаушысы құрлық біріншілігін тарихына өз атын сәтсіз әрекетімен жазды деген сөз.

Еуро-2020. А тобы

Түркия - Италия - 0:3

Гол соққандар: 0:1 - 53 Демирал (автогол), 0:2 - 66 Иммобиле, 0:3 - 79 Инсинье. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...