Еуропа чемпионаты. Бүгін финал

11 Шілде 2021, 21:02
3053
Бөлісу:
Еуропа чемпионаты. Бүгін финал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Лондондағы «Уэмбли» стадионында футболдан Еуропа чемпионын анықтау үшін Италия мен Англия құрамалары кездеседі.

Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.50-де басталады.

Екі құрама арасындағы матчты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетсек, екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездескен екен. Оның 10-да Италия жеңіске жетіп, 8-де Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелген.

Сондай-ақ Англия құрамасына қолдау білдіру үшін стадионға 50 мың жанкүйер келеді деп болжам жасалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы