Бас жаңалықтар
Еуроодақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті
12 Қаңтар 2019, 16:18 819

Еуроодақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті

Астана, baq.kz. Еуропалық одақ кеңесіндегі төрағалық ресми түрде Румынияға өтті. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Осыған орай ел астанасы Бухаресте одақ басшыларының қатысуымен салтанатты шара жүрді. Дегенмен алдағы 6 ай Еуропа үшін ең қиын кезең болайын деп отыр. Себебі одақты наурыз айында Брексит, мамырда Еуропалық парламентке сайлау күтіп тұр.

Ал ортақ аймақта кедей мемлекеттің бірі болып саналатын Румынияның өзі қазір саяси тұрғыдан екіге бөлініп, мемлекеттегі жағдай Брюссельдің жіті бақылауында. Өйткені елді сыбайлас жемқорлық жайлап, сын көбейген. Жалпы Румынияның төрағалығы 1 шілдеде бітеді. Содан кейін Еуроодақ кеңесіндегі басшылық Финляндияға көшеді.

«Меніңше, Румынияның төрағалығы Еуропа екіге бөлініп жатыр деген жаңсақ пікірді жоққа шығарады деп ойламын. Ел ішінде де ауызбіршілік болғаны дұрыс. Мемлекеттің ішкі мәселесі Еуроодаққа кері әсер ететіні анық. Бірақ заңсыздықпен ымырасыз күресуіміз керек», - дейді Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер.

Загрузка...

Сізден жаңалық