Еуроодақ еліміздің IT мамандары үшін экохакатон ұйымдастырады

25 Қыркүйек 2021, 14:03
1940
Бөлісу:
Еуроодақ еліміздің IT мамандары үшін экохакатон ұйымдастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі IT-мамандар, инноваторлар, маркетологтар және стартаптарға арналған таза технологиялар саласындағы үздік шешімдерді құру жөніндегі конкурс – Экохакатонға қатысуға шақырады.

Іс-шара Еуроодақ климаттық дипломатиясы және Еуроодақ мен Қазақстанның білім беру, зерттеу, инновациялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастығының шеңберінде ұйымдастырылды.

Хакатонның мақсаты - тұрақты даму саласындағы қоғамның хабардарлығын арттыру және инновациялық шешімдерді іздеу үшін жас мамандарды біріктіру.

48 сағат ішінде қатысушылар келесі салаларда идеялар мен жобалар жасауы керек: инновациялар, цифрландыру, жоғары технологиялар, жасыл технологиялар, жасыл қаржы, таза технологиялар, 4-ші өнеркәсіптік революция, климаттың өзгеруі, жаңа салалар, тұрақты даму.

Бас жүлдеге Эстонияның инновациялық хабтарына сапар, сондай-ақ Еуроодақ Өкілдігі мен ЕО-ға мүше мемлекеттер елдерінің сыйлықтары табыс етіледі.

Іс-шараға қазақстандық IT және стартап-қоғамдастығының, экологиялық ұйымдардың, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ресми тұлғалар, дипломатиялық корпустың мүшелері қатысады. Олардың қатарында Алматы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, Халықаралық IT университетінін цифрландыру және инновациялар жөніндегі директоры Нұржан Дүзбаев, ZeroWaste тұжырымдамасы бар Қазақстандағы алғашқы экомагазиннің қалаушы Михаил Беляков, IBC group негізін қалаушы Құрмет Әубәкіров және басқа да көптеген сала мамандары бар.

Сонымен қатар, хакатонның серіктесі, өнер саласындағы бизнес бойынша кеңесші мен арт турларды ұйымдастырушы Keremet Art жобасы іс-шара аясында цифрлық өнердің инновациялық қойылымын ұсынып, өнер заттарының көрмесін ұйымдастырады.

Іс-шара 2021 жылғы 25-26 қыркүйекте Алматыдағы Халықаралық IT Университетінде өтеді.
 


 


 

Өзгелердің жаңалығы