Еурокомиссия Еуропа COVID-19-дың үшінші толқынына тап болғанын мәлімдеді

26 Наурыз 2021, 11:23
1314
Бөлісу:
Еурокомиссия Еуропа COVID-19-дың үшінші толқынына тап болғанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕО елдері COVID-19 коронавирустық пандемиясының үшінші толқынына тап болды, деді Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен. Бұл туралы interfax.ru жазды.

Біз үшінші толқынның басында тұрмыз, - деді ол Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол сондай-ақ осындай жағдайда халықты вакцинациялау науқанын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін ЕО басшылары компаниялардың вакциналарды жеткізу мерзімдерін сақтаудың маңыздылығын баса айтқан болатын. 

Олар ЕО елдерінің популяциясының мөлшеріне пропорционалды дәрі-дәрмектердің мөлшерін бөлу принципін растады және эпидемиологиялық жағдайды коронавирустың әртүрлі нұсқаларына байланысты проблемаларды ескере отырып, ауыр деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы