Бас жаңалықтар
Еуразиялық кеңістік елдері COVID-19-ға қарсы күш біріктірді
01 Сәуiр 2020, 18:01 278

Еуразиялық кеңістік елдері COVID-19-ға қарсы күш біріктірді

Алматы, BAQ.KZ. Еуразиялық экономикалық комиссия пандемия кезінде бірқатар өнімді экспорттауға тыйым салды. 

Жақында Мәскеуде өткен ЕЭК алқа отырысының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін ЕАЭО елдерінен шығаруға уақытша тыйым салуға бағытталған шаралардың "екінші топтамасын" енгізу туралы шешім қабылданды.  

Тауарлар тізімінде — пияз, сарымсақ, шалқан, қара бидай, күріш, қарақұмық, тары, жарма, ірі тартылған ұн, қарақұмықтан жасалған дайын тамақ өнімдері, ұсақталған және ұсатылмаған соя бұршақтары мен күнбағыс дәні бар. Оларды 30 маусымға дейін шығаруға тыйым салынады. 

Тыйым салу елдердің халқын азық-түліктің жеткілікті қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...