Еуразиялық экономикалық комиссия өзара сауданың даулы мәселелерін шешу алаңы – вице-министр

8 Ақпан 2021, 11:59
1636
Бөлісу:
Еуразиялық экономикалық комиссия өзара сауданың даулы мәселелерін шешу алаңы – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2020 жылдың жұмыс қорытындысын баяндады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Еуразиялық экономикалық одақ салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде бастапқы мақсаттарға қол жеткізуде айтарлықтай алға жылжыды, - дейді ол.

Вице-министр айтқандай, ұйымды институционалдық және құқықтық ресімдеу аяқталды. Одақта бірыңғай сыртқы сауда және кедендік реттеу қолданылады. Сондай-ақ, техникалық реттеу, бәсекелестік және экономиканың нақты секторын субсидиялау саласында ортақ құқықтық өріс құрылды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте, энергетикада толық форматты ынтымақтастық іске асырылуда.

53 қызмет көрсету секторында бірыңғай нарық қалыптасты. Ол ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпкерлері үшін аталған қызмет түрлерін экстерриториалды түрде, мысалы, туристік, консалтингтік қызметтер, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету мүмкіндігін көздейді, - деп түсіндірді Кушукова.

Оның сөзінше, мүше мемлекеттердің азаматтары үшін білім туралы құжаттарды тану, ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі еңбек өтілі үшін зейнетақы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия өзара сауданың даулы мәселелерін шешу үшін заңды алаң болып есептеледі.


Өзгелердің жаңалығы