Еуразиядағы сенім институтын нығайту керек – Назарбаев

17 Қараша 2021, 16:17
823
Бөлісу:
Еуразиядағы сенім институтын нығайту керек – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана клубының алтыншы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Көп векторлы бейбітсүйгіштік сыртқы саясатымызды жүргізе отырып, біз халықаралық қоғамдастықта лайықты орнымызды алдық. Құрметті отырысқа қатысушылар кейінгі жылдары әлемдегі жағдай құлдырау үстінде, - деді Назарбаев. 

Оның айтуынша, әлем елдері ядролық соғыстың алдында тұр. Сол себепті мұндай дағдарысты жағдайлар жаңа тәсілдерді үлкен Еуразияның ынтымақтастығын арттыру бойынша ауқымды іс-шараларды көздейді. 

Бірінші кезекте, диалог пен үлкен Еуразиядағы сенім институтын нығайту керек. Әсіресе оның Азиялық бөлігіне баса назар аударылуы тиіс. АӨСШК-ні 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатынмын. Ол бүгінде еуропадағы ЕҚЫҰ секілді өз маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда АӨСШК 27 елді қамтуда. Осы уақыт аралығына дейін АӨСШК-нің 5 отырысы өткізілді. Географиялық беделі күннен күнге артып келеді. АӨСШК Азиядағы диалогты қамтамасыз етуге де үлесін қосады деген ойдамын. Келесі жылы ұйымның құрылуына 30 жыл толады. Оның мерейтойлық саммиті өткізіледі. Мазмұнды дайындық барысында іс-шара жоғары деңгейде аталып, Еуразия мен Азиядағы байланысқа деген үлесін паш етеді деген ойдамын, - деді Тұңғыш Президент. 

Сондай-ақ, отырыс барысында Елбасы елімізде әлемдік ірі одақтарды біріктіретін ауқымды форумның өткізілетінін айтты. 

Екіншіден, жаңа дағдарыстардың алдын алу үшін Еуразия елдері жүйелі диалогті қамтамасыз етуі керек. Мұндағы маңызды мәселе аймақтық және басқа да Еуразиялық экномикалық одақ, Еуропалық одақ және Шанхай ынтымақтастық ұйыммен бірлесе дамуы керек. Сонымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымы мен олардың барлығы экономикалық ынтымақтастық арқылы әртүрлі байланыстарды дамытатын болады. Бұл әлем үшін үлкен жеңіс болады деген пікірдемін. Сондықтан да төртжақты экономикалық форум үлкен Еуразияны құру үлкен маңызға ие деген ойдамын. Барлық Еуразиядағы өзара ынтымақтастықты дамытуда Қазақстан форумның ұйымдастырушысы ретінде іс-шараларын жүргізетін болады, - деді Елбасы.


Өзгелердің жаңалығы