Бас жаңалықтар
Еуразия ұлттық университеті халықаралық QS пәндік рейтингіне енді
PHOTO
09 Наурыз 2021, 15:31 397

Еуразия ұлттық университеті халықаралық QS пәндік рейтингіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде QS World University Rankings by Subject 2021 пәндік рейтингтің қорытындысы бойынша университет факультеттерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі QS компаниясының аймақтық директоры Сергей Христолюбов қатысты.  

QS (Quacquarelli Symonds) компаниясы 1990 жылы құрылған. Өткен жылы компанияның негізі қаланғанына 30 жыл толды. 2004 жылдан бері әлемнің үздік университеттерінің тізімін жасап, рейтингін жариялаймыз. Оның ішінде аймақ бойынша үздік ЖОО және жеке пәндер бойынша үздік университеттерді анықтаймыз. Сондай-ақ, әр түрлі бағыт бойынша да рейтинг жүргізіп, жас университеттерге бағыт береміз. QS рейтингіне ену үшін бәсекеге қабілетті болу қажет. Одан бөлек, ЖОО-лар заманауи тұрғыда белсенді болу қажет, әлеуметтік желілерде белсенді болып, шетелдік журнал, сайттарда ғылыми мақалалары жарияланып отыруы қажет, - деді ол.
серти1.jpeg


Оның сөзінше, соңғы 10 жылда рейтингте Қазақстандық ЖОО-ның қатары көбейген.

Қазіргі таңда институционалды рейтингке Қазақстанның 10 университеті кіреді. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті және басқа да ЖОО-лар бар. Былтыр желтоқсанда жарияланған аймақтық рейтингте қазақстандық университеттердің саны 24-тен 27-ге дейін өсті. Ол рейтингке өңірдегі ЖОО-лар енгені қуантады. Себебі ол университеттер халықаралық аренада өздерін танытуға мүмкіндік алды, - деп түсіндірді шетелдік маман.

серти2.jpeg

Сондай-ақ, Сергей Христолюбов атап өткендей, 3 наурызда жаңа рейтинг шықты. Ол - пәндер рейтингі. Бұл тізімде де қазақстандық ЖОО-лар екіден (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) бес университетке (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) дейін артты. Осылайша, пәндер рейтингінде студенттерге нақты пәндер бойынша білім беретін 5 университет қалыптасты.

серти3.jpeg

Сергей Христолюбов QS World University Rankings by Subject 2021 пәндік рейтингтің қорытындысы бойынша университет факультеттерін марапаттап, декандарға сертификаттарды табыстады.

сертификат2.jpeg

Сонымен қатар, Еуразия ұлттық университетінің 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясымен танысты. Қазақстандық ЖОО-мен онлайн кездесу өткізді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 4 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ алғаш рет халықаралық QS пәндік рейтингісіне 3 пән және бір пәндік сала бойынша енді. Олар «Лингвистика», «Физика және астрономия», «Экономика және эконометрика», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәндік сала.

гыл.jpeg

Бүгінгі таңда ЕҰУ QS және Times Higher Education қосқанда 16 халықаралық рейтингіге кіреді. 2020 жылы ЕҰУ әлемдік QS рейтингісінде өз позициясын арттырып, 357-орыннан көрінді. Бұл университет үшін әлемнің 50 үздік ЖОО (ашылғанына 50 жылдан аспаған) құрамына кіруге зор мүмкіндік берді.



Фото: автордан
Загрузка...