Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысында Түркияның мәртебесін көтеру ұсынылды

7 Сәуір 2019, 17:08
2820
Бөлісу:
Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысында Түркияның мәртебесін көтеру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының Ұлттық ұлы жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп Ресей федерациясы мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысында Түркияның мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.

"Түркия Ресей мен Оңтүстік Корея секілді Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің жиналысының тұрақты қатысушысы болғысы келеді. Біз сонымен бурге Түркияның осы жиналысты бірігіп ұйымдастырушы болғанын қалаймыз", - деді  Шентоп жексенбіде 140-шы Халықаралық Парламенттер одағы ассамблеясы алаңында. 

Ол осы жиналысқа барынша институционалды формат беру ұсынысын қолдауды жеткізді. 

Өз кезегінде Володин Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің кезекті жиналысы 23-24 қыркүйекте Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда өтетінін айтты. 

"Әрине, сіздерді осы жиналыстың қатысушылары арасынан көргіміз келеді", - деді мемлекеттік Дума төрағасы. 

Володин 6-7 сәуірде Катарда ресми сапармен жүр. Мемлекеттік Дума төрағасы 140-ыншы Халықаралық Парламенттер одағы ассамблеясына қатысып, пленарлық отырыстарда сөз сөйлеп жатыр. Ассамблея алаңында екіжақты кездесулер де өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы