Еуразия алдында тұрған 10 сын-қатер аталды

12 Қараша 2019, 18:25
5434
Бөлісу:
Еуразия алдында тұрған 10 сын-қатер аталды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан «Астана Клубы» саяси форумының бесінші отырысында «2020 жылы Еуразияға төнетін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді.  

Аталмыш зерттеу жұмысына 40 беделді сарапшы мен саясаткер қатысты. Бұдан бөлек, 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды. Көрсетілген мәліметтерге сәйкес Еуразия 2020 үшін маңызды сын-қатерлер рейтингісіне келесі мәселелер енді: 

1. 2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жаңа мерзімге қайта сайлану кампаниясын бастап кетті. Алайда қарсыластары оны импичментпен қорқытып жатыр. Әлемнің жетекші державасының саяси дамуындағы белгісіздік бүкіл Еуразия үшін елеулі сын-қатерге ұласуы мүмікн. 

2.  Жаһандық экономикалық құлдырау

Дүниежүзіне ықпал ететін кезекті экономикалық дағдарыс дамушы елдердегі экономикалық мәселелердің салдарынан орын алуы мүмкін. Дамып келе жатқан нарықтарда капиталдың кетуі әсерінен валюта бағамы құлдырап, соның кесірінен компаниялардың қарызға бату мәселесі күшейетіндіктен, жаһандық дағдарыс орын алуы болжанып отыр.

3. АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы 

АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің күшею қаупі былтырғы рейтингтің алдыңғы қатарынан орын алған. Мәселе 2020 жылы да өзектілігін жойған жоқ. Вашингтон мен Бейжің шиеленісін толыққанды стратегиялық қарсылық деп атауға болады. 

4.   Жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі

2019 жылы қырғи-қабақты бәсеңдетуде бәсі жоғары болған Жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімінің күшін жойғанына куә болдық. 2020 жылы әлем стратегиялық қару саласындағы «ойын ережелерінің» жаппай жойылу ықтималдылығына тап болады.  

5.  Технологиялық үстемдік жарысының үдеуі 

Технологиялық кеңістіктің геосаяси сегментациясы айқын бола түседі. Қытайлық Huawei және ZTE компанияларының мысалдары IT-өнімдерді өткізу нарығын аймақтандыру тетігінің үлгісі деп санауға болады.  

6.  Иранға қарсы әскери соғыс

Ядролық келісімді жою Иран төңірегіндегі қарама-қайшылықтардың одан әрі ушығуына ұласуы мүмкін. Иранның геосаяси қарсыластарымен текетіресі киберкеңістікке кең таралуы мүмкін. Жағдай Таяу Шығыстағы бүкіл қауіпсіздік жүйесін қысымда ұстайды. 

7.  Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс 

Солтүстік Кореяның бейбіт келісімге келу және АҚШ-пен қарым-қатынасын қалыпқа келтірудегі қадамдары баяу қарқынмен жүруде. Екі тарап арасындағы келіспеушіліктер арта үскен сайын келісімдердің құрдымға кету қаупі күшейеді. Жағдайдың ушығуына 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі ахуал ықпал етуі мүмкін. 

8. Терроризмнің жаңа толқыны

ДАИШ-тың талқандалғанына қарамастан, террористік топтар дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әрекет ету ауқымын кеңейтіп жатыр. Жалғыз өзі күрес ұйымдастырғандардың қатары көбейіп келеді. Бұдан бөлек, әлем мұсылмандар мен мигранттардың өзге конфессиялар терроризмі мен «ақ» терроризм аталған топтардың құрбаны болғанына куә болып жатыр.     

9. Басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны

Популизмді сайлау үдерісіне таңу және саясаткерлердің күрделі мәселелерді оңай шешуге деген ниеті қиратушы әлеуметтік қақтығыстарды күшейтеді, сондай-ақ этникалық және діни араздық қаупін тудырады. 

10. Климаттың өзгеруі тудыратын ауқымды мәселелер

Ірі державалар арасындағы кикілжіңдер мен келіспеушіліктер 2020 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күресті түбегейлі тоқтату қаупін тудырады, бұл басқа мемлекеттердің ұлттық мүддені желеу еткен өзімшілдік  саясатын жүргізуін жеңілдетеді.  

11-12 қараша күндері "Назарбаев Орталығында" әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген "Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында" тақырыбында "Астана Клубының" бесінші отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы