Бас жаңалықтар
Этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция басталды
14 Қазан 2021, 13:54 132

Этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның екі күндік жұмысы басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияның пленарлық отырысы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Қазақстан Президенті конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Көптеген мемлекетте этносаралық сипаттағы әлеуметтік шиеленіс өршіп барады. Сондықтан, халықаралық қауымдастықтың алдында осы түйткілді мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеу, қоғамдық дамудың жаңа инклюзивті моделін әзірлеу міндеттері тұр. Бұл ретте сарапшылар мен кәсіби зерттеушілердің ғылыми ұстанымнан айнымай, белсенді жұмыс істеуі аса маңызды,- деді Мемлекет басшысы.

Екі күн бойы Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Израиль, Болгария елдерінің этносаралық қатынастар, конфликтология және этнопсихология саласындағы сарапшылары этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, министрліктердің, прокуратура және сот органдарының, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысады.


Конференция жұмысының бірінші күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады.

Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл-күйлердің негізгі себептері, заманауи қоғамдардағы этногенездің жаңа аспектілері, жергілікті деңгейде этносаралық қатынастарды реттеудегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі және әлемдік тәжірибе және т.б. талқыланады. Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары оқу орындарының рөлі, Оңтүстік Қазақстанның этникалық құрылымының даму ерекшеліктері мен келешегі жеке қаралды,  - делінген ақпаратта.
Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл-күйлердің себептерін, қазіргі қоғамдардағы этногенездің жаңа аспектілерін, жергілікті атқарушы және заң шығарушы органдардың рөлін, этносаралық қатынастарды реттеудің әлемдік тәжірибесін және басқаларды талқылайды. ЖОО-лардың Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы қызметі, Оңтүстік Қазақстанның этникалық құрылымының ерекшеліктері бөлек қаралды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.









Фото: ашық дереккөз
Загрузка...