Жамбылда тәркіленген этил спиртінен антисептиктер дайындалуда

10 Сәуір 2020, 16:40
2453
Бөлісу:
Жамбылда тәркіленген этил спиртінен антисептиктер дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті фармацевтикалық компания аталмыш спирттен 13 мың литр антисептик пен дезинфекциялық құралдар жасауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті мен қаржы басқармасының бұйрықтары негізінде тәркіленген этил спиртінің тоғыз мың литр облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тегін берілді.

Сондай-ақ, жергілікті фармацевтикалық компания аталған спирттерден 13 мың литр антисептик пен дезинфекциялық құралдар жасауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, өңірде дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, жеке қорғану және дезинфекциялаушы құралдарды, ПТР мен тест-жүйелерді сатып алуға ҚР Үкіметінің резервтік қорынан 536 млн теңге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан 43 млн теңге, жергілікті бюджеттен 281 млн теңге, жалпы сомасы 860 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелеріне сатып алу және жеткізу шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы