Помпео ШҰАА этникалық қазақтармен кездесті

3 Ақпан 2020, 16:01
2099
Бөлісу:
Помпео ШҰАА этникалық қазақтармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеонің Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында адам құқықтары дағдарысынан зардап шеккен этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесті. 

Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады. 

Америка Құрама Штаттары сіздердің жағдайларыңызды және Шыңжаңдағы етек алған репрессия мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, - деді мемлекеттік хатшы.  

Майк Помпео жексенбі күні Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерлерде немесе түрмелерде қамалып отырған этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездесті. Бұл адамдардың туған-туыстары 2017 жылдың сәуір айынан бастап, ҚХР лагерлерде ұстап отырған миллионнан астам этникалық қазақтардың, ұйғырлардың және басқа да мұсылман азшылық топтарының арасында қалған. 

Олар еркін түрде әрекет жасай алмайтын, өз дінінің ең негізгі дәстүрлерін де қолдана алмай жүрген адамдардың атынан сөйледі. Шыңжаңдағы қиянат, бақылау шаралары, мұсылман үйлерін аңдып отырған ҚХР шенеуніктерімен мәжбүрлі түрде "үйде тұруы", жыныстық зорлық-зомбылық пен өлім жағдайлары Мемлекеттік департаменттің Қытайдағы адам құқықтары туралы 2018 жылғы есебінде егжей-тегжейлі жазылған. Біз Қытай үкіметін осы адамдардың туған-туыстарын және әділетсіз қамауға алынған барлық адамды дереу босатуға және оның жүйелі бақылауы мен репрессия бағдарламасын тоқтатуға шақырамыз, - деп жазылған АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы