Эстонияда Абай мен әл-Фараби бейнесіндегі маркалар шықты

27 Қыркүйек 2020, 05:41
1697
Бөлісу:
Эстонияда Абай мен әл-Фараби бейнесіндегі маркалар шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарық көрді.

Қазақстанның Эстониядағы елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті, - делінген ведомствоның Telegram-дағы парақшасында.

Эстонияның мемлекеттік пошта операторы Eesti Post қазақстандық маркаларды алғаш рет басып шығарып отыр. Марка дизайны ағылшын тілінде, ұлы ойшылдардың мерейтойымен үйлесімді стильде жасалған.

Өзгелердің жаңалығы