Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

4 Қаңтар 2019, 18:37
2305
Бөлісу:
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

БҚО, baq.kz. Қазгидромет 5 қаңтар күні түнде Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын ескертті.

Сонымен қатар, облыста оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетіп, бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
5 қаңтар күні Орал қаласында да оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14, екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді. Қарлы бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады

05 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді. Ал Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-ға дейін күшейеді.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 97-99%.
Өзгелердің жаңалығы