Ескерту! Қарағанды және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

28 Ақпан 2021, 21:46
1511
Бөлісу:
Ескерту! Қарағанды және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты жедел ақпаратты таратты.

28 ақпан сағат 20.30-да Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) келесі жолдарда көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды:

1. «Екатеринбург-Алматы» 1457-1503-шақырымы, Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс айналма жолы учаскесі;

2. «Қарағанды қаласына кіреберіс» 0-16-шақырымы.

28 ақпан сағат 20.20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Самара-Шымкент» автожолының 776-965-шақырымында Улька-Қарабұтақ ауылдары учаскесінде қоғамдық көлік пен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы