Ескерту: Арыс қаласындағы аурухана жұмыс істемейді

17 Шілде 2019, 16:46
4463
Бөлісу:
Ескерту: Арыс қаласындағы аурухана жұмыс істемейді
PHOTO

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Арыс қаласындағы аурухананың жұмысына қатысты түрлі әңгіме әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Осы орайда Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, түсініктеме беруін сұраған едік.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сулейменова Арыс қаласындағы ауруханада адамдар «қырылып» жатыр деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Бұған дейін ол арыстық баланың радиациядан қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

«Өзіміз де әлеуметтік желілерді қарап отырмыз. Арыстағы ауруханада адамдар «қырылып» жатыр немесе бір ер адам қайтыс болды, тағы бір әйел қайтыс болды деген ақпараттарды оқып отырып, таңғалудамыз. Бұл – жалған. Біріншіден, Арыс қаласындағы аурухана жұмыс істемейді. Екіншіден, онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістанда ортақ жедел жәрдем желісі бар. Арыстықтарға көмек керек болса, жақын маңдағы Ордабасы ауданына жедел жәрдем бригадасы жіберіледі. Арыс қаласының ауруханасы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ағымдағы жылдың 1 тамызында іске қосылады деп жоспарланған», - деді Мира Сулейменова.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы жөндеу барысы қалай жүріп жатқанын көрсететін фотосуреттермен бөлісті.

8b4ea1e2-ecea-4721-ac4c-dd6b5d5f8a3a.jpg

c91aa8df-9f98-429d-93db-edc2b7b49381.jpg

0503807e-327d-44f8-b3e1-381dbdb4998c.jpg

Өзгелердің жаңалығы