Ұлытаудағы ескерткіштердің «Алтын Орда» дәуіріне тиесілі екендігі дәлелденді - археолог

23 Қазан 2019, 19:51
4521
Бөлісу:
Ұлытаудағы ескерткіштердің «Алтын Орда» дәуіріне тиесілі екендігі дәлелденді - археолог
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда өтіп жатқан "Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік" атты ғылыми конференция барысында археолог Айбар Касеналин Ұлытау жеріндегі тарихи ескерткіштердің "Алтын Орда" заманына тиесілі екендігі ғылыми әдістермен дәлелденгенін айтты.

"Қарағанды облысы мәдениет басқармасының бастамасымен Жошы хан тұлғасын зертеу бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда, АҚШ, Жапония, Ресей және Қазақстан мемлекеттірінің ғалымдары бірлесе жұмыс жасаудамыз. Бұл археологиялық қазба жұмыстары, антропологиялық реконструкция, одан бөлек ескерткіштердің нақты жасын анықтау бойынша және ең бастысы бұл полеогенетикалық жұмыстар. Ұлытау өңірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары барасында қол жеткізілген ғылыми зерттеулер қорытындысы Ұлытаудағы ескерткіштердің "Алтын Орда" дәуіріне, яғни "Жошы Ұлысы" заманына тиесілі екендігі жаратылыстану ғылымдарының әдістерімен дәлелденді. Демек, біз осы уақытқа дейін тек ауызекі тілде, фольклорымызда ғана айтылған ескерткіштеріміздің ғылыми негіздемесін жасап отырмыз", - деді ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, археолог, PhD Айбар Касеналин.

20191023_112313.jpg

Археологтың айтуынша, Қазақстанның Ұлытау өңіріндегі тарихи ескерткіштер бұл мекеннің «Алтын Орда» кезеңінде саяси һәм мәдени орталықтардың бірі болғандығын көрсетеді. Бұған археологиялық деректер дәлел.

"Қазіргі таңда заманауи технологиялардың, әдіс-тәсілдердің дамуы гуманитариялық білім саласын да дамытуды қажет етеді. Яғни, ғылыми тұжырымдарды алу жараталыстану ғылымдары әдістерінің негізіне сүйеніп жүзеге асырылады. Осыны ескере отырып, Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бастамасымен 2018 жылы ғылыми жоба қолға алынған болатын. Бұл Орталық Қазақстан жеріндегі, Ұлытау өңіріндегі Орта ғасырлық мәліметтерді, антропологиялық деректерді идентификациялау деп аталады. Аталған жоба аясында Ұлытау жеріндегі бірқатар ескерткіштерге ғылыми зерттеулер жүргізілді. Кейбір нысандар қайта археологиялық зерттелді. Осының нәтижесіне тың деректер алынды, сараптамаға үлгілер алынды", - дейді ол.

20191023_113416.jpg

Айбар Ерланұлы 2018 жылы жүргізілген қазба жұмыстары барасында Болған ана қорымынан табылған жәдігерлер жайлы айтты.

"Болған ана қорымында жүргізілген зерттеу қорымның бұрын-сонды зерттелмегендігін көрсетті. Бізде археологияда көбінесе тоналған ескерткіштер кездеседі. Ал бұл жерде адам қолы тимеген, бұрын қазылмағандығы арқасында жаңа материалдар алынды. Болған анадан табылған бірегей жәдігерлер – жібек көйлек үлгісі, қос ылтын сырға және алтын тостаған. Бұл жәдігердің ерекшілігі – тостағанның ортасында қызғалдықтың, сыртында қошқар мүйіз өрнегінің бейнеленуі және тостағанның жоғары сапалы 990 сынамалы алтыннан жасалғандығы дәлелденіп отыр. Жәдігерлерге жасалған сараптама нәтижесі ол жерде жерленген адамның үлкен дәрежеде, қоғамның белгілі, беделді мүшесі болғандығын көрсетеді. Жазба деректерде Болған ананың Жошы ханың қызы делінеді, келіні деген де нұсқасы бар. Қазіргі таңда аталған жәдігерлердің антропологиялық реконструкциясы жасалынды. Жүргізілген зерттеулер ескерткіштердің Алтын Орда дәуірімен мерзімделетіндігі дәлелденді. Бұл сараптама АҚШ-тың беделді ғылыми зертханасында жасалған".

20191023_113309.jpg

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттар басқарамасы ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында ғана емес, сонымен қатар, Ұлытау өңіріндегі ескерткіштерді, жалпы Қарағанды облысының тарихи ескерткіштерін көпшілікке насихаттау мақсатында да жұмыстар атқарады. Соның ішінде қасиетті орындарды насихаттауға баса назар аударылуда. Бұл бағытта арнайы веб-сайт жасау қолға алынған. Аталған веб-сайтта ескерткіштердің толық ақпараты, қысқаша видео-ролигі, ішкі моделдеу жұмыстары көрсетіледі.

 "Қазіргі таңда елімізде "Цифрлы Қазақстан" бағытында жұмыстар қарқынды атқарылуда. Енді біз осы бағдарлама аясында ескерткіштерді цифрландыру, яғни 3D моделдеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы Қарағанды облысында 50 ескерткіштің 3D моделі жасалған. Одан бөлек 12 cериялық деректі фильмдер топтамасы жасалды. Бұның барлығы, Қарағанды облысы туризм саласының дамуына үлкен үлесін қосатыны сөзсіз. Алдағы уақытта аталған жұмыстардың ауқымын кеңейтіп, ғылыми ізденістерді жалғастыру ұсынылады", - дейді Айбар Касеналин.

20191023_115930.jpg

Еске сала кетейік, Қарағандыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференция басталғандығын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалидың "Алтын Орда" хандығының Қазақстанға қатыстылығы жайлы айтқан пікірін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы