Есірткі жарнамалағаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін

19 Маусым 2021, 06:53
1106
Бөлісу:
Есірткі жарнамалағаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында қабырғалар заңсыз граф­фитиге толып кеткен және жай шимай емес: негізінен көпқабатты үйлердің қабыр­ғаларына түсірілген қою жа­з­баларда есірткі жар­­на­­малайтын сайт, элек­трон­ды мекенжай көрсе­­тілген.

Полиция қызметкерлері әш­керелеген барлығы 110 дана граффити жазбалары үстінен бояу жолымен жойылды.

Бұл дерек бойынша Қыл­мыстық кодекстің 299-1-ба­бының 1-бөлігіне сай (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жар­намалау) сотқа дейінгі тер­­­геп-тексеру басталған. Бірнеше ша­ғынауданды қамты­ған қылмыс орындарында сұрастыру бары­сында жергілікті тұрғындар бұл жазбалардың 8 мамыр күнгі таңғы сағат 04.00-05.00 шама­сында пайда болғанын мә­лім­дейді.

Бейнекамераларды тексеру және жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қы­зылорда қаласында тұратын 20 жастағы қыздың осы қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ол қыз бұл жұмысын әлеуметтік желіде тапқанын және сол үшін 70 000 теңге көлемінде сыйақы алғанын мойындады. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы