Есірткі жарнамалаған сайттар бұғатталды

16 Қараша 2019, 05:37
1971
Бөлісу:
Есірткі жарнамалаған сайттар бұғатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал көлік прокуратурасы есірткіні таратқан және сатқан, интернет-казино арқылы құмар ойындарды жүзеге асырған сайттардың қызметін тоқтатты, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген мониторинг нәтижелерімен қадағалау органы есірткі мен психотроптық заттарды сатуды жүзеге асыратын 8 сайттың, сондай-ақ виртуалды ойындарды ұйымдастыру және өткізу бойынша 11 интернет-казиноның заңсыз әрекетін тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолдады.

Аталған сайттарға Қазақстан Республикасының аумағында, одан тыс жерлерде де пайдаланушылардың қолжетімділігі еркін болған.

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға сәйкес интернет - ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылады, осыған байланысты онда орналастырылатын ақпарат қолданыстағы заңнаманың нормаларына қайшы келмеуі тиіс, - делінген хабарламада.      

Орал қаласы №2 сотының шешімімен прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды, барлық 19 интернет - сайттың қызметі заңсыз деп танылып тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы