Қарағандыда есірткі тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды

21 Қазан 2019, 22:42
2140
Бөлісу:
Қарағандыда есірткі тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 27 жастағы есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан азаматты құрықтады.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қазан күні патрульдік полиция полкінің қызметкерлері полиция лейтенанты Жамбыл Нұрғалиевпен қатардағы полиция қызметкері Оңғарсын Иманғалиев өзіне жүктелген аумақта қызмет атқару барысында Қарағанды қаласының Құрылысшылар көшесінде күдік туғызған азаматты байқаған. 

"Кейін оны тоқтатып, оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында азамат полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, сөзінен жаңылып, тәртіп сақшыларынан қашуға әрекет жасаған. Тексеріс барысында полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматтан 42 дана пакетке оралған есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 


Өзгелердің жаңалығы