Бас жаңалықтар
Есірткі айналымы бойынша көшбасшы өңір анықталды
11 Қазан 2021, 12:14 777

Есірткі айналымы бойынша көшбасшы өңір анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Синтетикалық есірткінің көп табылуы есірткі жасайтын лабораториялардың анықталуына қатысты болады. Мысалы, Ақтөбе облысында 36 келі, Қарағанды облысында 16 келі, Алматы қаласында 13 келі есірткі көлемі анықталды. Көп көлемдегі есірткінің заңсыз айналымына оңтүстік өңірдегі қарасораның өсуі де әсер етеді, - деді Нұрғалиев.

Ол атағандай, 9 ай бойынша есірткі табылуына қатысты Түркістан облысы 5 тонна есірткінің табылуымен алға шықты.

Жамбыл облысында 3 тонна, ШҚО-да табылды. Ал БҚО, Атырау облысы мен Шымкентте тіркелді, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...