Есірткі заттарын сататын шетелдік сайттардың қызметі тоқтатылды

27 Маусым 2019, 15:58
2071
Бөлісу:
Есірткі заттарын сататын шетелдік сайттардың қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы қадағалау жүргізу барысында есірткі заттарды және психотроптық препараттарды сатумен айналысқан 6 шетелдік сайтты анықтады, деп хабарлады Бас прокуратураның сайты.

"Тиым салынған заттарды сату тетіктері ТМД елдері мен шетелдерің кең тараған әрекеттері тәріздес болып шықты. Ақшасы төленгеннен кейін тауарды бейнекамералармен жабдықтанбаған, адам аз жүретін жерге тығып, сатып алушыға орынды хабарлап отырған. Қолданылған шаралар нәтижесінде шетелдік сайттарға қол жеткізу тоқтатылып, олардың қызметі республика аумғында шектелді", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы