Президенттікке кандидат қол жинау туралы: Ешкім 100% дәлелдеген жоқ

6 Мамыр 2019, 11:16
1879
Бөлісу:
Президенттікке кандидат қол жинау туралы: Ешкім 100% дәлелдеген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ауыл" партиясы атынан ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Төлеутай Рахымбеков Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте қол жинау процесі қалай жүргенін айтып берді. 

300 мыңнан астам мүшелік ететін партия атынан ұсынылған Рахымбеков президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, куәлікті алғанына қуанышты екенін жеткізді. 

"Ауылда 43% астам халық тұрады. Қаланың өзінде көпшілігі ауылдан шыққан. Партияның филиалдары бүкіл ауданда, бүкіл облыста, республикалық деңгейдегі қалада, тіпті ауылда да бар. Сондықтан, қиыншылық болды деп айта алмаймын", - деп айтты ол. 

Кандидат расталмаған қолдар туралы пікір білдірді. 

"30 сәуір күні ресми түрде қол жинауды бастадық. Көпшілікпен жұмыс істеген соң кемшіліктер болады. Есептеп көрдім, әртүрлі себеппен расталмаған 1655 қол туралы ақпарат берілді. Біздің партияда ғана емес, осыған дейін тіркелген 4 үміткер қолдарын 100% дәлелдеген жоқ. Бір партияда 125 мың қол жиналып, оның 3 мыңы расталмаған", - деп айтты Рахымбеков.

Бұған дейін Төлеутай Рахымбековтің ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы